
Физика-техникалық ғылымдар институтының ғылыми-зерттеу жұмысы ғылыми-зерттеу институттармен, орталықтармен және зертханалармен жүзеге асырылады:
• «Теоретикалық физиканың халықаралық Еуразиялық орталығы» – директоры ф.-м.ғ.д., профессор Р. Мырзакулов;
• ҒЗИ «Еуразиялық физика-энергетикалық зерттеулер мен ғылымды қажет ететін технологиялар институты» - директоры ф.-м.ғ.д., профессор К.А. Кутербеков;
• Инженерлік бейіндегі зертханасы;
• Жер-Күн физикасы зертханасы;
• Жаңа материалдар мен технологиялардың ашық инженерлік зертханасы;
• Наноматериалдарды кешені зерттеу және алу зертханасы.
Физика-техникалық ғылымдар институтының ғылыми-зерттеулерін дамытудың басым бағыттары: баламалы энергетика; ядролық физика және радиоэкология; астрофизика, гравитация және космология; функционалды материалдар; инфокоммуникациялық технологиялар.
Ғылыми зерттеулер жетістіктері Қазақстанда және шет елдерде де белгілі институтымызда жұмыс жасайтын жетекші ғалымдарымыздың ғылыми мектептерінде жүргізіледі. Факультеттің ғалымдары ТМД және алыс шет елдердің жетекші университеттерінің ғалымдарымен ынтымақтастық байланыста. Нәтижесінде факультетіміздің білікті ғалымдарымыздың жетекшілігімен белсенді түрде ғылыми мектептер даму үстінде.
Ғылыми мектептер
1. «Теоретикалық физика» бағытында профессор Р.Мырзакуловтың ғылыми мектебі;
2. «Функциональды материалдар» бағытында профессор Т.Н.Нурахметовтың ғылыми мектебі;
3. «Қатты дененің радиациялық физикасы» бағытында профессор А.Т. Акылбековтың ғылыми мектебі;
4. «Ядролық физика және Радиоэкология» бағытында профессор К.А.Кутербековтың ғылыми мектебі.
Физика-техникалық ғылымдар институтының ғалымдары Thomson Reuters және Scopus деректер базасына енетін импакт-факторы жоғары халықаралық рейтингтік журналдарда және Қазақстанның ғылыми баспаларына жарияланған ғылыми монографиялар мен мақалалардың авторлары және
келесідегідей бюджеттік бағдарламаларға мемлекеттік тапсырыс бойынша жүзеге асырылатын 217 «Ғылымды дамыту» бюджеттік бағдарламасы, 102 «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» кіші бағдарламасы 101 «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің субъектілерін бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру» ҚР БжҒ ғылыми-зерттеу жобаларының жетекшілері мен орындаушылары.
Ғылыми жобаларды жүзеге асыруға факультеттің жас ғалымдары, докторанттары, магистранттары және студенттері белсенді түрде қатысады.
Жастардың шығармашылық және ғылыми белсенділігін жүзеге асыру үшін факультетте белсенді түрде студенттік ғылыми қоғам (СҒҚ), 6 ғылыми үйірме жұмыс істейді.
Студенттер халықаралық және республикалық жарыстарға, конкурстарға, конференцияларға, гранттарға үнемі қатысады; халықаралық және ұлттық газеттерде, ғылыми журналдарда және импакт-факторы жоғары халықаралық журналдарда мақалаларды жарияланады.
