

Құрметті студенттер!
Білім беру қызметінде біліктілігі жоғары мамандар, олардың қатарында ғылым, білім саласының мемлекеттік сыйақы лауреаттары, педагогикалық және ғылыми қызметте тәжірибесі мол атақты ғалымдар, академиктер, ғылым докторлары мен кандидаттары, профессорлар мен доценттер, PhD докторлар мен оқытушылар бар.
Факультет Сіздерге оқу-өндірістік және дипломалды өндірістік тәжірибеден өтуді еліміздің және қаламыздың алдыңғы қатарлы мекемелерінде, мемлекеттік ұйымдарында өтуге зор мүмкіндік ұсынады.
Физика-техникалық факультетінің студенттері тек терең білім алып қана қоймай, ой өрістерін дамытып, мәдениеттілік пен мобильділік, креативті әрі көшбасшылық қасиеттерге ие бола алады.
Бұл біздің болашақ жетістігіміздің кепілі болмақ.
