
Жастар саясаты орталығы
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде студенттің өзін-өзі басқарудың ежелгі дәстүрі бар. Жастардың өмірлік маңызы бар мәселелерін шешу, мәдени, спорттық іс-шараларды өткізу және дамыту, сондай-ақ студенттердің әлеуметтік белсенділігін дамыту әрдайым университеттің өзін-өзі басқаруының негізгі міндеттері болып саналады. Қазіргі кезде мұндай студенттік өзін-өзі басқару - Жастар саясаты орталығы болып табылады. Жастар саясаты орталығы студенттік өмірдің кең ауқымды бағыттарын - ғылыми-зерттеу қызметінен бастап жастарға бос уақытын ұйымдастыруға дейін қамтиды. Бүкіл ұйымның тиімді жұмысы үшін түрлі салалардағы комитеттер құрылды: Мәдениет жөніндегі комитет, Салауатты өмір салты жөніндегі комитет, Болон процесі жөніндегі комитеті, Ақпараттық комитет және Сыртқы байланыстар жөніндегі комитет.
Мақсаты. Бұл ұйымның басты мақсаттары студенттің белсенді орнын құру, әлеуметтік кемелденуіне ықпал жасау, қоғамның құзыретті және белсенді өміріне студенттерді дайындау, университеттің басқару ұйымына, соның ішінде, білім және ғылыми жобаларды шешуде проректорға, департамент, кафедра, факультет деканына ықпал ету. Әр ай сайын орталық аппарат белгілі бір критерийлер бойынша "Ең үздік факультет" атағын ең үздік факультетке тағайындайды. Жастар саясаты орталығы «Венский бал», «Enu Students Day», «Open air», «Enuvision», факультет аралық КВН ойындары сияқты университет қабырғасында болып жатқан іс-шараларға белсенді түрде қатысып, ұйымдастыруына көмектеседі. Гумилев атындағы ЕНУ мемлекеттік дәрежедегі іс-шараларға да белсенді түрде қатысады. Еуразия ұлттық университетінің студенттері Саммит ОБСЕ ұйымына, Азиада Астана-Алматы 2011, Жыл сайынғы астаналық экономикалық форумға, Қазақстан ұлттарының Ассамблея Конгресі және тағы басқа оқиғаларға қатысты. Республикалық дәрежеде "Жас Отан", "Қазақстан студенттерінің Альянсы", "Қазақстан жастарының Конгресі", "Жасыл ел" және тағы басқа ұйысдармен, сондай-ақ еліміздің басқа да университеттерімен байланыс жүргізілуде. Көптеген жылдар бойы Еуразия Ұлттық Университетінің студенттік өзін өзі басқару "Барлығы студенттер үшін" деген ережені ұстануда. Жастар саясаты орталығы университеттің әр студенті "Студенттің алтын уақыты" деп аталатын кезеңін ұмытылмастай және жарқынды етіп өткізу үшін, бұл дәстүрді әрі қарай жалғастыруына тырысады.
Жастар саясаты орталығының құрамында Физика-техника факультетінің жастар орталығы өз міндеттерін атқарады.
Физика-техника факультетінің жастар орталығының төрағасы - Ералы Нурас РЭТ-27 тобының студенті .
