
Академиялық ұтқырлық
«Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 2013-2020 жж. интернационалдандыру және академиялық ұтқырлық стратегиясын» (2.1.1. Шетелдік студенттерді, магистранттарды және докторанттарды ағылшын тілінде білім беру бағдарламалары бойынша) іске асыру мақсатында физика-техника факультеті алыс және жақын шет мемлекеттерден серіктес оқу орындарынан білім алушылармен аламасу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Физика-техника факультетінде оқитын студенттердің Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-мен әріптес университеттер базасында осы академиялық ұтқырлық бағдарламасымен білім алуға қатысуға мүмкіндігі бар: Вильнюс университеті (Литва), Акдениз университеті (Түркия), Беларусь мемлекеттік университеті (Белорусь), Дубна Халықаралық университеті (Ресей), Калифорния мемлекеттік университеті Фресно (АҚШ) және басқа ЖОО.
