
Халықаралық қызмет туралы
Академиялық мобильділік және PhD докторантура бағдарламасы бойынша, ПОҚ-ның ғылыми жобаларды жүзеге асыруы мақсатында факультет келесі шетелдік университеттермен, ғылыми орталықтармен ынтымақтастық орнатқан:
Профессор М.А.Бонч-Бруевич атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік телекоммуникация университеті (Санкт-Петербург, Ресей)
Мәскеу техникалық байланыс және информатика университеті (Мәскеу, Ресей)
С.П.Королёв атындағы Самара мемлекеттік аэроғарыштық университеті (СМАУ) (Самара, Ресей)
Ресейдің тұңғыш Президенті Б.Н.Ельцин атындағы Урал федералдық университеті (Екатеринбург, Ресей)
«МИСиС» ұлттық зерттеу технологиялық университеті (Мәскеу, Ресей)
Ресей халықтар достастығы университеті (Мәскеу, Ресей)
«Дубна» мемлекеттік университеті және «Дубна» табиғат, қоғам және адам халықаралық университеті (Дубна, Ресей)
А.Я.Усиков атындағы радиофизика және электроника институты (Харьков, Украина)
The Institute for Management and Technological Training (POHTO) (Финляндия)
Брно техникалық университеті (Брно, Чехия)
Берлин техникалық университеті (Берлин, Германия)
Centre for Theoretical Physics, Jamia Millia University (Нью-Дели, Үндістан)
Tarbiat Moallem University (Тегеран, Иран)
Каид-и Азам университеті (Исламабад, Пәкістан)
A&M Техас университеті (Техас, АҚШ)
Соңғы екі жылда 28 шарттар мен меморандумдар жасалды. Физика-техникалық факультеті кафедраларының филиалдары ашылды:
1 Интеллектуалды жүйелер Институтында РЭТ кафедрасының филиалы;
2 «Қазақстан ғарыш сапарында»ҒТжТ кафедрасының филиалы;
3 Республикалық ғарыштық байланыс орталығында РЭТ кафедрасының филиалы.
Білім алушылар мен оқытушылардың академиялық мобильділігін қамтамасыз ету бойынша келесі көпвекторлық жұмыс жүргізілуде: екі дипломды білім беру бағдарламалары, академиялық алмасудың халықаралық бағдарламалары, PhD докторантураның білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда шетелдік кеңесшілерді шақыру және серіктес шетелдік ЖОО-да ғылыми тәжірибеден өту.
Студенттерге, магистранттарға және докторанттарға жыл сайын дәріс оқуға, сондай-ақ бірлесіп ғылыми жобалар жүргізуге таяу және қашық шетелдерден профессорлар шақырылады.
