
БІЗ ТУРАЛЫ
ИНСТИТУТ ТАРИХЫ
Физика-техникалық факультеті 2009 жылдың сәуір айында құрылды. 2024 жылы факультет Физика-техникалық ғылымдар институты болып қайта құрылды.
Қазіргі уақытта институт құрамында 5 кафедра және оқу-зертханалық орталығы жұмыс жасайды:
- Техникалық физика кафедрасы;
- Жалпы және теориялық физика кафедрасы;
- Ядролық физика, жаңа материалдар және технологиялар халықаралық кафедрасы;
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар кафедрасы;
- Ғарыштық техника және технологиялар кафедрасы.
Институт үш деңгейлі жүйе бойынша мамандарды дайындайды:
- жоғары білім базасында (бакалавриат, оқу мерзімі 4 жыл) мамандықтар бойынша:
- 5В011000 - Физика (білім);
- 5В060400 - Физика (жаратылыстану ғылымдары);
- 5В060500 - Ядролық физика (оқу мерзімі 5 жыл);
- 5В071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар;
- 5В072300 - Техникалық физика;
- 5B074600 - Ғарыштық техника және технологиялар.
- жоғары білімнен кейінгі білім базасында (магистратура, оқу мерзімі 2 жыл) мамандықтар бойынша:
- 6М011000 - Физика (білім);
- 6М060400 - Физика (жаратылыстану ғылымдары);
- 6М060500 - Ядролық физика;
- 6М071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар;
- 6М072300 - Техникалық физика;
- 6М074000 - Нанотехнологиялар және наноматериалдар;
- 6М074600 - Ғарыштық техника және технологиялар.
- жоғары білімнен кейінгі білім базасында (Ph.D докторантура, оқу мерзімі 3 жыл) мамандықтар бойынша:
- 6D060400 - Физика;
- 6D060500 - Ядролық физика;
- 6D072300 - Техникалық физика.
Институт құрамында жұмыс жасайды:
- DC-60 ауыр иондар үдеткіші базасындағы Салааралық ғылыми-зерттеу кешені («ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РММ бірге)
- «Тректік мембраналар» инженерлік бағыттағы зертханасы;
- Ғарыштық мониторингтеу орталығы;
- Еуразиялық халықаралық теориялық физика орталығы.
