
ФТҒИ профессоры Акилбеков Абдираш Тасанұлының 70 жасқа толған мерейлі жасымен салтанатты түрде құттықталды





Физика-техникалық институтының кезекті Ғылыми кеңесінде «Функционалдық материалтану, нанотехнология және компьютерлік модельдеу» ғылыми-зерттеу мектебінің жетекшісі, «8D053 – Физикалық және химиялық ғылымдар» кадрларды даярлау бағыты бойынша 8D05323 – Техникалық физика мамандығының диссертациялық кеңесінің төрағасы, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Акилбеков Абдираш Тасанұлы 70 жасқа толған мерейлі жасымен салтанатты түрде құттықталды.
Абдираш Тасанұлының терең білімі, ғылыми көрегендігі, шәкірт тәрбиелеудегі ұстаздық парасаты – жас ғалымдар үшін әрдайым үлгі. Оның жетекшілігімен тәрбиеленген шәкірттер еліміздің ғылымын дамытып, беделін арттырып келеді.
Осы мерейлі жасыңызда Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, сарқылмас күш-қуат, ғылыми ізденістеріңізге толағай табыс, отбасыңызға амандық пен береке тілейміз!
Еңбегіңіздің жемісін көріп, шәкірттеріңіздің жетістігіне қуана беріңіз! Мерейіңіз үстем, беделіңіз биік болсын!
