
Ғылым мен еңбектің жоғары бағасы
ЕҰУ жаңалықтары
14.04.2026 69

Мемлекет басшысының Жарлығымен Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Ядролық физика, жаңа материалдар және технологиялар» кафедрасының мақтаныштары жоғары мемлекеттік наградаларға ие болды. Атап айтқанда:
Дмитрий Шлимас (кафедра оқытушы-зерттеушісі) және Дарын Боранбаевич Боргеков (кафедра түлегі, Ядролық физика институтының Астана филиалының директоры) — «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Әлішер Мүтәлі (кафедра түлегі, аға ғылыми қызметкер) — Мемлекет басшысының қолынан жаңа пәтер кілтін алды.
Бұл жетістіктер — көпжылдық ғылыми ізденіс пен қажырлы еңбектің лайықты жемісі. Әріптестерімізді шын жүректен құттықтай отырып, отандық ғылымның дамуы жолында жаңа белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз!
Бөлісу:
