
Заң және тәртіп тақырыбы аясында кураторлық сабақ ұйымдастырылды
ЕҰУ жаңалықтары
03.03.2026 66













Сабақ барысында қоғамда өзекті болып отырған мәселелер – қыз ұрлау және сталкерлік әрекеттер тақырыбы қозғалып, олардың құқықтық салдары түсіндірілді. Студенттермен ашық пікір алмасу жүргізіліп, жеке қауіпсіздік пен саналы әрекет ету жолдары талқыланды. Осындай жағдайларда заңды түрде көмек сұраудың маңыздылығы айтылды.
Іс-шара заң факультеті қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Муратханова Меруерт Бейсеновнаның және физика-техникалық ғылымдар институты аға куратор, PhD, доцент м.а. Жадыранова Алия Амирбековнаның қатысуымен өткізілді.
Бөлісу:
