
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ
ЕҰУ жаңалықтары
16.02.2026 23







Алматы қаласында, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясында өткен ғылым және жоғары білім саласы өкілдерін марапаттау рәсімі барысында Техникалық физика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Аралбаева Гульнара Мырзаханқызы
«ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2025» атағына ие болды.
Аталған атақ педагогикалық қызмет сапасы, ғылыми жарияланымдар мен оқу-әдістемелік жұмыстар нәтижелері негізінде берілді.
Марапаттарды Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев және ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова салтанатты түрде табыстады.
Іс-шара барысында Саясат Нұрбек бұл марапаттың оқытушылар мен зерттеушілердің еңбегін бағалаумен қатар, еліміздегі ғылым мен жоғары білім жүйесінің даму деңгейін көрсететінін атап өтті.
Әріптесімізді жетістігімен құттықтай отырып, алдағы кәсіби қызметіне табыс тілейміз.
Бөлісу:
